Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, алдағы күндері ел аумағына фронталды белсенділіктің кезекті толқыны әсер етеді, жауын-шашын жауып, найзағай ойнайды.
Қазақстанның батысында, солтүстігінде, 19-20 маусымда солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін.
Солтүстік және шығыс аймақтарда күндізгі уақытта ыстықтың біртіндеп басылуы күтіледі — ауа температурасы 20… 28 °C дейін төмендеп, жайлы болады.
Осыған дейін «Ақжайық» табиғи резерватында 1200 гектарды шарпыған қамыс өрті сөндірілгені туралы жаздық.