Солтүстік Қазақстан облысы
23 қараша сағат 21:00-де «Петропавл – Соколовка – РФ шекарасы» автожолының 11–73 шақырым аралығында (Петропавл қаласынан Ресей шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысы тоқтатылды.
Сағат 22:30-дан бастап облыстағы тағы 13 автожол учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді:
- «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 341-473 және 492-522-шақырым аралығы;
- «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 729-856-шақырым аралығы;
- «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 595-946-шақырым аралығы;
- «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы» автожолының 50-280-шақырым аралығы;
- «Көкшетау – Рузаевка» автожолының 61-196-шақырым аралығы;
- «Қостанай – Мамлютка» автожолының 226-406-шақырым аралығы;
- «Петерфельд – Архангельское – Новокаменка – Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 0-31-шақырым аралығы;
- «Булаево – Возвышенка – Молодогвардейское – Кирово – Қиялы – Рощинское» автожолының 0-228-шақырым аралығы;
- «Рощинское – Корнеевка – Волошинка» автожолының 0-87-шақырым аралығы;
- «Волошинка – Сергеевка – Тимирязево» автожолының 0-119-шақырым аралығы;
- «Қарасай батыр» мемориалдық кешеніне кіреберіс жолдың 0-24-шақырым аралығы;
- «Тимирязево – Сарыкөл – Қостанай облысының шекарасы» автожолының 0-32-шақырым аралығы;
- «РФ шекарасы (Қарақоға өткізу пункті) – Петропавл» автожолының 0-120-iақырым аралығы.
Қостанай облысы
23 қараша сағат 22:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты мына жолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды:
- «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай (РФ шекарасына айналып өту жолымен)» автожолының 685-729-шақырым аралығы (Сарыкөл ауылы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
- «Қостанай – Мамлютка» автожолының 163-226-шақырым аралығы (Ұзынкөл ауылы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы).
Ақмола облысы
Сағат 22:30-дан бастап республикалық маңызы бар мына автожолдарда қозғалыс шектелді:
- «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 313-341-шақырым аралығы (Көкшетау қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
- «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай (РФ шекарасын айналып өту жолымен)» автожолының 856-915-шақырым аралығы (Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы – Жақсы кенті);
- «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 552-595-шақырым аралығы (Сұрған кенті – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
- «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы (Бидайық өткізу пункті)» автожолының 14-50-шақырым аралығы (Көкшетау қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
- «Көкшетау – Рузаевка» автожолының 40-61-шақырым аралығы (Көкшетау қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы).
Павлодар облысы
- Сағат 22:30-да «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан қаласын айналып өту – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы (Үрлітөбе өткізу пункті)» автожолының 191–390 шақырым аралығында (Мичурино кенті – Ресей шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Жолдар 24 қарашада ашылады деп жоспарланған. Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында сағат 09:00-де, Павлодар облысында сағат 06:00-де қозғалысты қайта бастау көзделген.
Жол жағдайы туралы қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығынан тәулік бойы алуға болады.
Еске салайық, бұған дейін 24 қарашада еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалған еді.