АСТАНА. KAZINFORM — Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Қазақстандық дзюдошы 60 келіге дейінгі салмақтың ½ финалында Қытайлық Тайбэй өкілі Ян Юнвэймен кездесті.
Белдесуде отандасымыз «вазари» ұпайымен жеңіске жетті.
Елдос Сметовтың финалдағы қарсыласы жапониялық Хаято Кондо болмақ.
Бұған дейін Анастасия Ананьева Азия ойындарының қола жүлдегері атанғанын жазғанбыз.
Айнұр Тумакбаева
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ түлегі. 2024 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.