Елдос Сметов Ақтауда шеберлік сабағын өткізді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері және 2015 жылғы әлем чемпионы Елдос Сметов Ақтауда «Әділ дзюдо» клубының дзюдошыларына шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жастар чемпионныңәрбір қимыл-қозғалысын мұқият бақылап, айтқан ақыл-кеңестерін тыңдады. ЕлдосСметов татамиде жас спортшылармен қатар тұрып өзінің әдіс тәсілдерін көрсетті.Тіпті олармен жеке-жеке белдесіп, жастарға сенімділік сыйлап,ынталандырды.

Сондай-ақ, әлемгебелгілі спорт шебері жастармен сұхбаттасып, олардың қойған сұрақтарына жауапберді.

«Қазіргі таңдакүресті қоймай жатып, жастармен татамиде кездесулер өткізу – оларға үлкенмотивация деп айта аламын. Сондықтан әр аймаққа барғанда аудандарды аралап,спорт сүйер жастарға шеберлік сабағын үйретемін. Менің тәжірибем мол. Өзім ғанабілмей, өзгелерге де үйретуім керек. Жалпы, Ақтауға демалуға келдім», - дейдідзюдодан әлем чемпионы Елдос Сметов.