Елдос Сметов әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM – 60 келі салмақта қола жүлдеге таласқан Елдос жапониялық Таики Накамуроға есе жіберді. 

Фото: ҚР ҰОК

Осылайша ол Әбу-Дабидегі әлем чемпионатында жүлдеге іліге алмады. 

Еске сала кетейік, жұбаныш белдесуінде Әбиба Әбужақынова түркиялық Тукче Бедерді жеңіп, қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Сондай-ақ БАӘ-дегі әлем біріншілігінде қазақстандық Нұрқанат Серікбаев (60 келі) пен Ғалия Тынбаева (48 келі) жүлдеден тыс қалды.