60 келідегі Елдос Сметов бір орын төмен сырғып, рейтингте алтыншы орынға тұрақтады. Ал Ғұсман Қырғызбаев керісінше бір саты жоғарылап, 10-шы орынға көтерілді. 66 келідегі Ерлан Серікжанов жетінші орынға көтерілсе, Елдос Жұмақанов бір саты төмендеп, 12-ші орында тұр.
73 келідегі Жансай Смағұлов 19-шы орынға сырғыды. Бұған дейін ол 17-ші орында болатын. Екі орынға төмендеген 81 келідегі Дидар Хамза 19-шы сатыда, ал Руслан Мұсаев алты сатыға жоғарылап, 43-ші орынға көтерілді. 90 келідегі Ислам Бозбаев 12-ден 13-ші орынға сырғыды. 100 келіге дейінгі салмақта Айбек Серікбаев екі сатыға жоғарылап, 60-шы орынға көтерілді. Аса ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев 34-шы сатыға жылжыған.