Елдос Сметов бастаған дзюдошылар Азия чемпионатында бақ сынайды
АСТАНА. KAZINFORM — Дзюдодан 20-22 сәуір аралығында Гонконгта өтетін XXXII Азия чемпионатында ел намысын 18 спортшы қорғайды.
Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткеніндей, бұған дейін 2022 жылы Азия чемпионаты елорда төрінде ұйымдастырылып, онда отандастарымыз 1 алтын, 2 күміс, 6 қола еншілеген еді.
Әсіресе, 73 келіде Данияр Шамшаев қарсылас шақ келтірмеген болатын.
Бұл жолы Азия біріншілігінде мына спортшылар бақ сынайды.
Ерлер:
60 келі. Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев,
66 келі. Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали,
73 келі. Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов,
81 келі. Абылайхан Жұбаназар,
100 келі. Нұрлыхан Шархан,
+ 100 келі. Ерасыл Қажыбаев.
Әйелдер:
48 келі. Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева,
57 келі. Бақыт Құсақбаева,
63 келі. Эсмигуль Куюлова,
70 келі. Екатерина Токарева,
78 келі. Маргарита Гриценко, Аруна Жангелдина,
+ 78 келі. Кәмила Берліқаш, Ақерке Рамазанова.
Азия чемпионатында 1-орынға — 700 ұпай, күміс жүлдегерге — 490 ұпай, қола медаль алғандарға 350 ұпай беріледі.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 1993 жылдан бері Азия чемпионатына қатысып, 14 алтын, 24 күміс, 77 қола жеңіп алған.