НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 12-14 шілде күндері Будапеште дзюдодан өтетін әлемдік Гран-при турниріне қатысатын ел құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткендей, айтулы додаға 85 елден 600-ден астам спортшы қатысып, бақ сынамақшы. Ұлттық құрама сапында 16 дзюдошы ел намысын қорғайды.
Атап айтқанда, ерлер арасында мына балуандар татамиге шығады:
Елдос Сметов (-60 кг)
Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг)
Елдос Жұмақанов (-66 кг)
Ерлан Серікжанов (-66 кг)
Жансай Смағұлов (-73 кг)
Ақылбек Серік (-73 кг)
Дидар Хамза (-81 кг)
Руслан Мусаев (-81 кг)
Ислам Бозбаев (-90 кг)
Ерсұлтан Мұзаппаров (-90 кг)
Айбек Серікбаев (-100 кг)
Ерасыл Қажыбаев ( 100 кг)
Әйелдер:
Анна Казюлина (-52 кг)
Севара Нишанбаева (-57 кг)
Ақниет Тұрдан (-63 кг)
Назгүл Маратова ( 78 кг).
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).