Жоба барысында қазақстандық спортшы спорттық мансабы туралы айтып, Рио-2016 Олимпиадасының күмісі, Токио-2020 Олимпиадасының қоласы және Париж-2024 Олимпиадасының алтын медаліне дейінгі циклға кеңінен тоқталды.
Сондай-ақ Сметов сүйікті дзюдогиіне қолтаңба қалдырып, Лозаннадағы Олимпиада мұражайына табыстады.
Еске сала кетейік, бұған дейін дзюдодан Қазақстан командасының белді мүшесі Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы атанғанын жазған едік. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтағанын хабарлаған болатынбыз.