Елдос Сметов Олимпиада-2016 ойындарын жеңіспен бастады

АСТАНА - РИ-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Рио Олимпиадасында дзюдодан әлем чемпионы қазақстандық Елдос Сметов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті.

Атап айтқанда, Е. Сметов ливиялық Мухамед Элькависден басым түсіп, жарыстың келесі кезеңіне өтті. Елдос қарсыласын вазари әдісі бойынша жеңді.

Қазақстан спортшысының келесі қарсыласы Эшли Маккензи (Ұлыбритания) - Бекир Озлу (Түркия) сайысы қорытындысымен анықталады.  

Елдос Сметов - Жастар арасында әлем чемпионы (2010), Жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері (2011), Әлем кубогының иегері (2011), Азия чемпионатының қола жүлдегері (2013), Еуропа кубогының жеңімпазы (2013), Жазғы Азия ойындарының жеңімпазы (2014), Әлем чемпионы (2015), Азия чемпионы (2016), Гран-при турнирінің екі дүркін чемпионы (2013, 2014), көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері, ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.