Елдос Сметов шілде айының үздік спортшысы атанды
17:34, 07 Тамыз 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтында «Шілде айының үздік спортшысына» дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Дауыс беру нәтижесі бойынша дзюдошы Елдос Сметов топжарды. Шілде айының үздігі атануға бес спортшы үміткер болды. Олар:Дмитрий Баландин (жүзу), Елдос Сметов (дзюдо), Андрей Актауов (карате), РусланЖапаров (таеквондо) және Отгонцецег Галбадрах (дзюдо). Спортшыларға дауысберу бүгін сағат 13.00-де тоқтатылды. Нәтижесінде, Будапешттегі Гран-притурнирінде жеңімпаз атанған Елдос Сметов үздік деп танылды. Ол 48,40 пайыздауыс жинаған. Екінші орында Андрей Актауов (29,56), үшінші орындаДмитрий Баландин (10,37). Olympic.kz командасы әлемдік аренада ел намысынабыроймен қорғап жүрген спортшыларды шын жүректен құттықтап, Олимпиадақарсаңындағы маусымда сәттілік тілейді.