Елдос Сметов: Төрешілермен келіспейтін тұстарым бар

НАГОЯ. KAZINFORM — Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында араға 12 жыл салып жүлдегер атанды. Спортшы жекпе-жектен кейін Kazinform тілшісіне сұхбат беріп, Азия ойындарындағы жарыс жолын қорытындылады.

Фото: Сали Сабыров

Елдос Сметов ақтық сындағы белдесуіне оң баға берді.

- Белдесу ойдағыдай болды. Қарсылас өз алаңында күресіп жатқандықтан белгілі деңгейде өзін еркін сезінді. Бірнеше сәтте төрешілермен келіспейтін тұстарым бар. Мысалы, ішпен түскенде не үшін “юко” ұпайын бергенін түсінбедім. Ұстасып жүргенде өзімді жақсы сезіндім, таза жеңіуді жоспарладым. Қарсыласқа мүмкіндік берілгенін ескеріп, шабуылдарды күшейту керек екенін түсіндім. Соңғы шабуылда иппон немесе вазари ұпайын аламын деп жоспарлаған едім. Бірақ, қарсылас сытылып кетті, - деді спортшы.

Олимпиада чемпитны Азия ойындарындағы бәсекелестік жоғары деңгейде екенін айтты.

- Өздеріңіз көргендей, қарсыластар осал болған жоқ. Бүгін Оңтүстік Корея, Моңғоля және Қытайлық Тайпэй спортшыларымен белдестім. Барлығы әлемдік додаларда жүлде жеңіп алған дзюдошылар. Ақтық сындағы жапондық Хаято Кондомен алғаш рет кездесіп отырмын. Бәсекелкстік жоғары деңгейде болды,- деді ол.

Қазақстандық спортшы алдағы жоспарымен бөлісті.

- Әрқашан қателіктерді саралап, алға жылжу керек. Мен өзімді ең мықтымын деп санамаймын. Бірақ, олқылықтарымыды толықтырып, мықты болып оралатыныма сенімдімін. Олипиададан кейінгі екі жыл үзіліс, екі операция жасалды. Қазіргі уақытта өз бабыма келіп, барлығын реттеп, Азиадаға келдім. Мен үшін жаман нәтиже емес, алда тағы байрақты додалар күтіп түр,- деді дзюдошы.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, этникалық қазақ спортшы Қадірбек Елка ХХ жазғы Азия ойындарында Моңғолия құрамасы қоржынына алғашқы алтын сыйлады.

Сонымен қатар, Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Мейіржан Шермаханбет Азиада қола жүлдесін еншіледі.