Елдос Жұмақанов: Қолда тұрған алтыннан айырылып қалдым

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Будапештте аяқталған Гран-при турнирінің күміс жүлдегері Елдос Жұмақановтың айтуынша, қолда тұрған алтыннан өз қателігі салдарынан айырылып қалған, деп хабарлайды Olympic.kz.

«Гран-при турнирінің күмісжүлдегері атандым. Қате өзімнен кетті. »Әне лақтырамын, мінелақтырамын« деп өзіме тым сенімді болып кеттім. Қарсыласты айлама түсіремдеп жүргенде өзім таза жеңілдім. Қолда тұрған алтын еді. Бұйырғаны күміс болды.Бұл жерде өзімнің қателігім тұсау болды. Мұндай сәтте өз күшіңе сеніп кеткенніңде салдары бар. Дегенмен, еш жасымай, алдағы жарыстарға дайындаламыз», -дейді Жұмақанов.

Еске сала кетсек, Гран-при турнирінің финалында ЕлдосЖұмақанов моңғолиялық Ганболт Херленмен кездесіп, «алтын ұпайға»созылған жекпе-жекте жеңіліп қалған еді.

Соңғы жаңалықтар