Елеке сазындағы археологиялық қазба жұмыстары мамыр айында жанданады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның Елеке сазы қорымында археологиялық жұмыстар мамыр айында басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл Шығыс Қазақстандағы археологиялық қазба жұмыстары жылдағыдан ерте басталады деп күтілуде. Алайда мемлекеттік сатып алу процестерінің түйткілдері бұл жоспарға келтіруі мүмкін. Аталмыш жұмыстарға қажет монограф құралын алу 2018 жылдың еншісіндегі шаруа болатын. Облыстық мәдениет басқармасы сол үшін бөлінген қаржыны уақытында игере алмаған.

«Игерілмеген қаржы қазынаға қайтқанмен, шешілмеген мәселенің орны үңірейіп тұрады. Сондықтан өткен жылдың кемшіліктері шұғыл жойылуы керек. Мысалы, мәдениет басқармасы археологтарға қажет монографты сатып алу процесін созып жіберді. Сәуір айына дейін бұл мәселе шешімін тапсын. Өйткені мамыр айында Елеке сазында археологиялық қазба жұмыстарын бастап кетуіміз керек», - деді облыс басшысы Даниал Ахметов.