«Мемлекет басшысының коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне мораторий енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өндіруге арналған шекті тарифтері деңгейінің сақталуын қамтамасыз ету қажет. Өз кезегінде, станса шығындарының 50 пайыздан астамы отынды – газды, көмірді сатып алуға және оларды тасымалдау қызметтеріне, оның ішінде теміржол арқылы тасымалдау қызметтеріне жұмсалады», - деді министр.
Оның атап өтуінше, шекті тарифтердің деңгейлерін сақтау үшін отын және оларды тасымалдау бағаларының сақталуын қамтамасыз ету қажет.
«Бұл іс-шаралар келесі күзгі-қысқы кезең үшін жөндеу науқандарының тұрақты өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Болат Ақшолақов.