Электр қуатындағы ақауларды жою үшін Мысырға 12 млрд.доллар қажет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысыр президенті Әбдел Фаттах Сиси мемлекеттің болашағы электрмен қамтамасыз ету мәселесіне байланысты екенін, сондықтан елдегі энергетикалық инфраструктураға 12 млрд. доллар инвестиция қажеттігін айтты, деп жазады ВВС.

Ол бұл қаражатты алдағы 5 жылда табу керектігін ескертті. Оның айтуынша, электрқуаты төңірегінде қалыптасып отырған қазіргі жағдай көптеген жылдардан бері бұл салаға керек қаржының аударлымай келгенін көрсеткен.

Айта кетейік, бесенбі күні энергожүйедегі апат салдарынан Каир қаласы жарықсыз қалған болатын.