Электр тоғы ұрған дәнекерлеуші қаза тапты

АСТАНА. 23 маусым. ҚазАқпарат - Кеше Астанада 16 сағат 34 минутта өнеркәсіп аймағында «Казэлектромонтаж» орталығының аумағында дәнекерлеу жұмысын жасау барысында электр тоғы ұрып,

оқиға орнында «АстанаҚұрылысКонсалтинг» ЖШС-нің электр дәнекерлеушісі мерт болды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды.