деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ә. Исекешевтің айтуынша, қазіргі уақытта облыстар бойынша электр желілерінің 70 пайызының жағдайы қатты тозығы жеткендігімен сипатталады. Ауылдағы электр желілерінің тозығы бұдан да жоғары. Сонымен бір мезгілде өңірлік электр компаниялары электр желілерін дамыту және әлеуметтік-мәдени және тұрғын үй-коммуналдық құрылыстың қайтадан іске қосылған нысандарын қосу жөніндегі жұмыстарын жүргізе алмай отыр. Себебі бұлардың тарифтерінде инвестициялық құрамдауыштар жоқ. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» заңға өңірлік электр компанияларының тариф түзуіне қатысты өзгерістер енгізіліп, қабылданып қойды. Жаңашылдықтар «бенч-маркинг» қағидаттарына, яғни салыстырмалы талдауларға негізделген. Осы жаңашылдықтарды дамытуда біз электр желілеріндегі және электр энергиясының бөлшек нарығындағы тарифтерді түзу әдістемесін жетілдіру жөніндегі өз нұсқаларымызды ұсынамыз. Бұл мәселені министрліктің энергетикалық қызметтері Табиғи монополияларды реттеу агентігімен, өңірлік электр компанияларымен, энергиямен қамтамасыз ететін ұйымдармен және Қазақстанның электр энергетикасы қауымдастығымен бірлесіп пысықтауы тиіс. Және талқылауларды нәтижесінің негізінде нақты ұсыныстар жасалатын болсын», деде вице-премьер.