"Электро-Л" метеорологиялық аппараты бар "Зенит-2SБ" зымыранын Байқоңырдан бүгін ұшыру жоспарлануда
12:23, 20 Қаңтар 2011
АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Ғарыштық ұшырылымдарға арналған "Фрегат-СБ" қарқын алу блогы және "Электро-Л" метеорологиялық аппараты бар "Зенит-2SБ" зымыранын Байқоңырдан ұшыру бүгін Мәскеу уақыты бойынша 15:29 сағатқа жоспарланған.
Бұл туралы Федералды ғарыш агенттігінің (Роскосмос) баспасөз қызметіне сілтеме жасап РБК хабарлайды.
"Электро-Л" аппаратын геостационарлық орбитаға шығарып, сол жерден Ресей аумағына бақылау жүргізіледі. Бұл тұтынушыларға ауа райы туралы желдің бағыты, сеңнің қозғалысы қар, жаңбыр, тағы басқа құбылыстарды алдын ала біліп отыруға мүмкіндік береді.
"Электро-Л" ғарыш аппараты 10 жыл жұмыс істеуге шақталған.