Бұл туралы Федералды ғарыш агенттігінің (Роскосмос) баспасөз қызметіне сілтеме жасап РБК хабарлайды.
"Электро-Л" аппаратын геостационарлық орбитаға шығарып, сол жерден Ресей аумағына бақылау жүргізіледі. Бұл тұтынушыларға ауа райы туралы желдің бағыты, сеңнің қозғалысы қар, жаңбыр, тағы басқа құбылыстарды алдын ала біліп отыруға мүмкіндік береді.
"Электро-Л" ғарыш аппараты 10 жыл жұмыс істеуге шақталған.