Jasyl Jol жобасының авторы электромобильдер саны бойынша әлемде Ұлыбритания, Норвегия, Германия, Коста-Рика, Чили, және Қытай көш бастап тұрғанын айтады.
«Қазақстанға бұл тізімге кіру үшін әуелі қажетті инфрақұрылымды дамыту керек. Әзірге электромобиль қарапайым қазақстандықтар үшін қымбат. Тек бізде ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде солай. Көліктің өзі емес, қуаттайтын батареясы өте қымбат. Бүкіл әлем соны арзандатуға бас қатырып жатыр», - дейді ол.
Еске салсақ, орталық коммункациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Әділбек Бәсекеев электромобиль иелеріне тегін тұрақ ұсынылуы мүмкін екенін айтқан болатын.