«Бүгінде 1,6 млн адамның жұмыс істеуге рұқсат берілген жеке медициналық кітапшасы бар. Оның ішінде қоғамдық тамақтану саласында — 780 мың, білім беру саласында — 550 мың, денсаулық сақтау саласында — 272 мың және жеке секторда — 52 мыңға жетті. Осылайша әр азамат жеке медициналық кітапшасын бірнеше ұйымда ұсына алады, бұл ақшаны үнемдеуге көмектеседі», - деді Ербол Оспанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Вице-министрдің айтуынша, электронды медициналық кітапшаның тағы бір артықшылығы қолдан жасауға жол бермейді. Одан әрі Ербол Оспанов дәрі-дәрмек мәселесін көтерді.
«Биыл шілде айынан бері елімізде 68 млн-нан астам дәрі-дәрмек қаптамасы таңбаланды. Оның ішінде 39,3 млн қаптама импортқа тиесілі және 29,4 млн қаптама отандық өндіріс, жалпы айналымда 28,5 млн препарат бар», - дейді ол.
Еске сала кетсек, жеке медициналық кітапшаны электронды форматқа ауыстыру туралы былтыр айтылған еді.