Күдіктінің рұқсат беру құжаттарынсыз құрамында никотины бар сұйықтықты қолдан өндіретін цех ұйымдастырғаны анықталды.
Дайын өнім көтерме және бөлшек сауда түрінде елорда мен республиканың басқа қалаларының вейпшоптарына саудаланған.
Сатылған никотин бар сұйықтықтың (вейп) құны 18 млн теңгеден асқан.
Жедел-тергеу іс-шаралары барысында 5000-ға жуық электронды темекі шегу құрылғыларына арналған сұйықтық құтысы (вейп), хош иістендіргіштер, көлемі 235 литр глицерин және пропиленгликоль химиялық заттар, сондай-ақ оларды өндіруге арналған станоктар тәркіленді.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.