Электронды білезіктер 2010 жылдан пайдаланыла бастайды
11:58, 04 Қыркүйек 2009
АСТАНА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат - Воронеж облысының сотталғандары өздерінің бойында күзет электронды білезіктерін сынақтан өткізіп, бақылауды мақұлдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Newsru.com. сайтына сілтеме жасап.
Түпкілікті қорытындылары тек жыл аяғында ғана шығарылатынына қарамастан 200 ерікті қатысқан эксперимент сәтті деп табылды. Бұл уақыт ішінде Мемлекеттік Дума жазалау түрі ретінде бостандықты шектеу туралы заңды қабылдайды және жаңа жылдан бастап электронды білезіктерді бүкіл ел бойынша сотталғандар тағып жүретін болады, - деп хабарлады Федералдық жазаны атқару қызметінің өкілі Вадим Долматов «Вести» телеарнасына берген сұхбатында.