«Қазіргі кезде біз xалықаралық тәжірибені зерделеп жатырмыз. Негізі, электронды цифрлық қолтаңбаның мерзімін бір жылдан үш жылға ұзартуға болады. Осыған қатысты тиісті мәселелер пысықталып жатыр», - деді Р.Еңсебаев.
Холдинг басшысының айтуынша, бүгінде электронды цифрлық қолтаңбаны алу үшін міндетті түрде Халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажет. Одан кейін үйден шықпай-ақ, онлайн режимде ЭЦҚ-ның мерзімін ұзартып отыруға болады.
«Жаңа бастама іске асқанда электронды цифрлық қолтаңба бір жылға емес, бірден үш жылға беріледі», - деп атап көрсетті Р.Еңсебаев.
Айта кетейік, кездесу кезінде министр Абаев келесі жылы тіркелмеген телефондарға ұялы байланыстың қосылмайтынын тағы бір мәрте еске салды.
Телефондарды тіркеу шаралары жылдың ортасында басталады.