«Біз қазір неге денсаулық сақтау саласын электронды түрде басқару жүйесі туралы айтып отырмыз. Мен бұл ретте эстондық денсаулық сақтау саласы туралы айтып өткім келеді. Бізде бірден-бір сақтандырудың ұлттық жүйесі қалыптасқан. Бірақ, денсаулық сақтау саласында қызмет көрсететін барлық компаниялар жекеменшік болып табылады. Осылайша, бізде денсаулық сақтау - мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестікке негізделген. Аталған жүйе ашық әрі тиімді болуы тисі. Біздің ойымызша, дәл осындай жүйенің іргесін қалай білген секілдіміз», - дейді Мадис Тиик.
«Біз бұл белеске қалай жеткеніміз туралы айтайын. Алдымен цифрландырудың басталғанына қайтып оралайық. Бұл - жақсы әрі тиімді қызметтерді көрсетуге бағытталған алғашқы қадам. Бізде барлық ауруханаларымызда медициналық мәліметтердің бәрі жинақталған. Бұл мәліметтердің бәрі жабық. Ешкіммен бөлісілмейді. Екінші кезең - интеграция. Бұл ұйымдар мен секторлар арасындағы байланыс. Мәселен, құқық қорғау органдарынан жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық анықтаманы ауруханадан алу керек. Демек, екі органның интеграциясының маңызы зор. Біз осы жағын ретке келтірдік», - дейді ол.
«Эстонияда ауруханалар арасында медициналық мәліметтердің қауіпсіз түрде берілуі жолға қойылған. Медициналық мәліметтер ең алдымен азаматтардың өзіне тиесілі. Осы ретте Эстонияда медициналық мәліметтерді тек медициналық ұйымдар ғана бір-бірімен бөлісе алатыны туралы шешім қабылданды. Сонымен бірге, ұлттық басқарушылық реттелді. Сіздер (Қазақстан - авт.) электронды денсаулық сақтау жүйесіне қарай бет алып барасыздар. Мен сіздерге жұмысты электронды жүйеде басқаруды ең бірінші орынға қоюға кеңес берер едім», - дейді ол.
Ол өз сөзінде электронды денсаулық сақтау жүйесі Эстонияда 2009 жылдан бері сәтті жұмыс атқарып жатқанын айтты.
«Сонымен қатар, адамдар өз денсаулығына қатысты шешім қабылдайтындай жұмыс жүргізу керек. Бұл - біз назарға алуға тиіс шарт. Электронды денсаулық сақтау жүйесінде олардың өміріне келешекте қандай өзгерістер енетінін түсіндіруіміз керек. Бұл өзгерістер біз қалаймыз ба, жоқ па - бәрібір енеді. Денсаулық сақтау саласы - цифрландырудан тыс жерде қалмайды. Денсаулық сақтау саласының барлық мамандары бұнымен бетпе-бет келеді. Екінші жағынан, бұл денсаулық сақтау саласындағы бизнес-моедльдерге мүмкіндік ашады», - деп түйді ол.