Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Қостанай тұрғыны осы жылдың наурыз-сәуір айлары аралығында электронды екі казино ашқан.
«Қостанай қалалық №2 сотының үкімімен азамат Ж. ҚР ҚК 307-бабы бойынша айыпты деп танылды. Бір жыл көлемінде шартты түрде бас бостандығынан айырылып, пробациялық бақылау тағайындалды. Сондай-ақ, 100 сағатқа қара жұмысқа тартылды», - делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.
Ол жәбірленушілердің қорына 10 АЕК көлемінде өтемақы төлейді.