«ЭЦҚ алу үшін www.egov.kz сайтында өтініш толтыру, содан кейін маңайдағы халыққа қызмет көрсету орталығына барып, операторға өзіңіздің жеке куәлігіңізді көрсетуіңіз қажет, сөйтіп, нақ өзіңіз (сіздің жеке мәліметтеріңізді пайдаланғысы келген басқа біреу емес) ЭЦҚ беруге өтініш бергеніңізді қуаттайсыз», деп түсіндіреді министр. ЭЦҚ тегін беріледі, деп атап көрсетілген хабарламада.
Одан әрі қолтаңба нұсқауға сай орнатылған өтініште көрсетілген электронды поштаға жіберіледі. Қиындықтар бола қалған жағдайда тәулік бойы жұмыс істейтін 1414 тегін нөмір арқылы «e-gov» call-орталығына қоңырау шалуға болады.
Айтқандай, электронды цифрлық қолтаңба бірнеше жолмен берілуде, деп атап өтеді Байланыс және ақпарат министрлігінің басшысы. «Мегалайн» қызмет үлгісін ұсынушы дилерлерімен хабарлассаңыз, олар өздері үйіңізге әкеп береді. Сондай-ақ, ЭЦҚ-ны Астана және Алматы қалаларының халық көп жиналатын ірі сауда орталықтарынан алуыңызға болады. Ең бастысы - өзіңізде жеке куәлігіңіз болуы тиіс.
«Электронды цифрлық қолтаңбаға ие болу арқылы сіз бірінші кезекте, өз уақытыңызды үнемдейсіз. Және электронды үкіметтің порталындағы қызмет түрлерін үйіңізде отырып-ақ пайдалана аласыз. Мысалы, зейнетақы аударымдары немесе жеке мүлкіңіздің бар жоқтығы туралы анықтаманы алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. Интернет арқылы электронды үкіметтің порталынан санаулы минутта алып боласыз. Яғни интернет арқылы жіберген сұранымыңызды міндетті түрде өзіңіздің электронды қолтаңбаңыз арқылы растауыңыз керек. Мемлекеттік орган сіздің қолтаңбаңызды сәйкестендірген соң, сіз сұраған анықтамаңызды аласыз», - деп жазады министр.
Электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦП) - сіздің қолтаңбаңыздың аналогы. Электронды мәліметтердің криптографиялық өзгеруі қорытындысында алынған символдар реттілігі. Сонымен біге бұл электронды құжатты растайтын және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық құрал.