Электронды сауда жүргізетіндерге табыс салығы салынбайды – ҚР ҚМ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көлеңкелі экономика деңгейін төмендету үшін әлеуметтік желі арқылы сауда жүргізетіндерге табыс салығы салынбайды. Қаржы министрлігі электронды сауда бизнесінің өкілдеріне осындай жеңілдік беріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдан бастапсалық заңнамасына біршама өзгерту енгіздік. Соның ішінде табыс салығы бойынша 0пайыз ставкасын қолданамыз. Электронды саудамен айналысатындарды бизнесөкілдерін көлеңкеден шығару үшін салық заңнамасы бойынша жеңілдіктер беріпжатырмыз. Біздің ойымызша, әлеуметтік желі – келешекте табыстың орасан зор көзіболары анық», - деді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасарыЖайдар Іңкәрбаев Үкіметтің баспасөз орталығында.

Комитет өкілініңайтуына қарағанда, электронды алаңда қазіргі таңда арнайы бақылау жұмыстарыжүргізіліп келеді.

«Осындай санаттабизнеспен айналысатындарды тіркеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бірақ, қадағалаужәне бақылау жұмыстары болашақта атқарылады. Әзірге тіркеу бойынша текнасихаттау жұмысын қолға алдық», - деді ол.

Еске сала кетсек,осы жылдың басында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстанда электронды сауданың көлемі артып келе жатқанын атап өткен болатын.



Соңғы жаңалықтар