Электронды үкіметті енгізу нәтижесіндегі шартты үнем 40,2 млрд. теңгеге жетті - А.Жұмағалиев

ТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Электронды үкіметті енгізу нәтижесіндегі шартты үнем 40,2 млрд. теңгеге жетті.

Бұл туралы бүгін елордада ашылған «DigitalCommunicationKazakhstan-2011» атты халықаралық көрме-конференция барысында ҚР Байланыс және ақпарат министрі АсқарЖұмағалиев мәлім етті.

«Біз электронды үкімет енгізудің шартты үнемі, яғни тиімділігі 40,2 млрд. теңгеге жетті деп нақты айта аламыз», - деп атап өткен оның сөзіне қарағанда, бұндай нәтижеге электрондық құжат айналымы мен электронды лицензиялаудың барлық жүйесін енгізу есебінен қол жеткізілген.

Оның атап өтуінше, е-үкімет порталындағы электрондық қызметтер санының артуы есебінен бұл көрсеткіш ұлғая түсетін болады. Қазіргі уақытта аталған портал ел азаматтарына 74 интерактивті қызмет және 2000-нан астам ақпараттық қызмет көрсетеді. «Бұл сан өсе түсетін болады және біз таяу жылдар ішінде ең қажетті қызмет түрлерін өзіміздің порталға орналастырамыз», - деді ол.