2007 жылғы 13 шілдедегі № 598 және «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы электрондық- ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту туралы» 2007 жылғы 3 қазандағы № 891 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды ресми БАҚ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2012 жылғы 29 мамыр, Астана, Үкімет Үйі, № 698
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Электрондық-ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 13 шілдедегі № 598 және «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы электрондық- ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту туралы» 2007 жылғы 3 қазандағы № 891 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 шілдедегі № 598 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік огандардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесінде:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстар, серпінді және статикалық ақпаратты қамтитындар болып бөлінеді»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Ережеде мынадай негізгі терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
1) атрибут - HTML тілінің түрлеріне, алаңдарына, әдістеріне, ерекшеліктеріне және басқа да кейбір құрылымына жазылатын қосымша ақпарат;
2) балама мәтін - тек мәтінді көрсететін құрылғыларды пайдаланған кезде мәтіндік емес веб-контенттің мазмұнын және функциясын түсінуге мүмкіндік беретін мәтін;
3) веб-контент - электрондық ақпараттық ресурстың мәтіндік, мәтіндік емес немесе медиа мазмұны;.
4) интернет-ресурс - ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істеп тұрған электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылым;
5) серпінді ақпарат - бұл мемлекеттік органның ағымдағы қызметін көрсететін уақытша сипаттағы ақпарат (перспективалық даму, өзекті оқиғалар, басым бағыттар және басқалары);
6) статикалық ақпарат - бұл мемлекеттік органның ішкі қызметін көрсететін тұрақты (анықтамалық) сипатқа ие ақпарат (нормативтік құқықтық актілер, құрылым, мемлекеттік орган ережесі және басқалар);
7) тег - интернет-ресурстың веб-бетіндегі мәтіннің көрінісін өзгертетін HTML тілінің элементі;
8) Web Content Accessibility Guidelines (WCAG.2.0) - әртүрлі пайдаланушылардың барынша қалың тобы үшін, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді веб-контентті құрудың заманауи ережелері мен қағидаттарын сипаттайтын веб-контентке қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқалық.»;
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарындағы статикалық ақпарат қажеттілігіне қарай жаңартылады.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына электрондық ақпараттық ресурстарды орналастыру WCAG.2.0 сәйкес жүргізіледі:
1) безендіру мақсатында пайдаланылатын мәтіндік емес веб-контенттен басқа мәтіндік емес және медиа веб-контенттер баламалы мәтінмен сүйемелденіп, бағдарламалық кодта тиісті атрибуттармен белгіленуге тиіс;
2) веб-бетте бейнеленген, мағынасы оның түсіне байланысты болатын мәтіндік емес және мәтіндік веб-контенент мағыналық жүктемесі дәл сондай баламалы мәтінді қамтуы тиіс;
нысанында, мөлшерінде жэне орналасуында мағыналық жүктеме бар веб-контент элементтері тиісті мәтіндік анықтамамен сүйемелденуі тиіс;
3) нысанада, мөлшерінде және орналасуында мағыналық жүктеме бар веб-контенет элементтері тиісті мәтінік анықтамаммен сүйемелденуі тиіс;
4) медиа веб-контент титрлермен немесе транскрипттермен сүйемелденуі тиіс;
5) егер веб-контентті оқудың дұрыс дәйектілігі оның мағынасын анықтаса, онда ол бағдарламалы түрде анықталуы тиіс;
6) үш секундтан аса втоматы түрде ойналатын аудио веб-контент үшін тоқтау, үзіліс немесе дыбысты ажырату механизмдерін беру қажет;
7) интернет-ресурста орналастырылған веб-контент пернетақта арқылы басқарылуы тиіс;
8) уақыт бойынша шектелетін бет немесе қосымша тоқтататын, икемдейтін немесе шектеу мерзімін ұзартатын механизмді қамтуы тиіс;
9) секундына үш реттен астам жарқылдауды қамтитын, втоматы түрде қозғалатын, жыпылықтайтын, айналатын веб-контентті құру ұсынылмайды, қолданылған жағдайда осы веб-контентті тоқтату жөніндегі механизмді беру қажет;
10) үлкен көлемді графикалық элементтері немесе навигациялы сілтемелері бар веб-бетте көрнекі бөлігінде веб-контенттің негізгі бөлігіне өту үшін сілтеме жасау қажет;
11) әрбір веб-бетте беттің мақсаты мен тақырыбын сипаттайтын, тиісті тегте көрсетілетін ақпаратты тақырып болуы тиіс;
12) сілтеменің мақсаты сілтеменің өз мәтінінен не сілтеме мәтіні мен оның бағдарламалы анықталған контекстінен түсінікті болуы тиіс;
13) веб-бетте негізгі қолданылатын тіл тиісті атрибуттың көмегімен бағдарламалық кодта анықталуы тиіс;
14) пайдаланушының ақпаратты енгізген кезіндегі анықталған кез келген қате мәтіндік хабарлама түрінде ұсынылуы қажет.»;
2) «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 қазандағы № 891 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 411-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесінде:
реттік нөмірі 4-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік органның қарамағындағы жалпы пайдаланымдағы ақпараттық жүйелердің, деректер банкінің, тізілімдердің, тіркелімдердің тізбелері. Азаматтар мен ұйымдарға ұсынылатын ақпараттық ресурстар мен қызметтердің тізбесі.
2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жоспарларын іске асыру және ақпараттық жүйелерді әзірлеу туралы ақпарат.»;
реттік нөмірі 13-жол алынып тасталсын;
ескертпе ** алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.