«Электрондық денсаулық сақтау» бағдарламасына басымдық беріледі - Үкімет сағаты

АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат  - «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында «электрондық денсаулық сақтау» бағдарламасын қалыптастыру мен дамытуға басымдық беріледі.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова осылай мәлім етті.

«Денсаулық сақтаудың «Саламатты Қазақстан» атты мемлекеттік бағдарламасы аясында бірқатар маңызды міндеттерге басымдық беріледі. Атап айтқанда, негізгі бағыттар ретінде денсаулық сақтаудың Бірыңғай ақпараттық жүйесін одан әрі дамытуды атап өткім келеді. Осы бағытта 2012 жылы  аталған ақпараттық жүйені Денсаулық сақтаудың бірыңғай жүйесімен үйлестіру шаралары қамтылатын болады», - дейді министр.

Оның айтуынша, осы бағыттағы басым шаралардың бірі «электрондық денсаулық сақтау» бағдарламасын қалыптастыру мен дамыту болып табылады.