Мобильді құралдар арқылы мәтінді теру немесе интернетте ойын ойнау кезінде оны пайдаланушылар сәл алға қарай еңкейіңкіреп отырады немесе тұрады. Ол омыртқаның жоғарғы бөлігінің өзгеруіне әкеледі.
Зерттеу мәліметтері көрсеткендей, көкірек қуысының өзгеруі ересек адамдардың өкпе ауруына шалдығып, жүрек қан тамыры жүйесінің нашарлауына, тіпті өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.
Сарапшылар омыртқаның өзгеруі адамға семіздікке шалдығу сияқты кері әсер етеді деп санайды. Ересек адамдарда омыртқаның кеуде тұсының аздап өзгеруі 1,44 есе өлім қаупін ұлғайтады, деп жазады шетелдік БАҚ.