Электрондық қолтаңбаларды алу өтініштерін электронды түрде толтыруға болады ? Ақпараттандыру және байланыс агенттігі

None
АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінде (АБА) «Нұр Отан» ХДП атап көрсеткен кемшіліктерді жою жөнінде баспасөз мәслихаты өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Кездесуде аталмыш Агенттік пен «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» АҚ өкілдері «Нұр Отан» партиясының электрондық сандық қолтаңбаларды беру рәсімдерін оңтайландыру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Агенттікпен өткізілген жұмыстар туралы журналистерге әңгімеледі.АБА-ның жауапты хатшысы Батыр Маханбетәжиевтің айтуынша, өткен аптада «Нұр Отан» ХДП өкілдерімен өткен кездесудің қорытындысы бойынша электрондық үкіметтің дамуына қатысты бірқатар проблемалық мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін электрондық қолтаңба сертификаттарын алғысы келгендердің көп болуына байланысты осы үдерістің жедел өтуі қамтамасыз етілмегені атап өтілді. «Бүгінгі күні электрондық үкімет бағдарламасының алғашқы кезеңі аяқталды деуге болады. Электрондық үкімет инфрақұрылымдарының базалық құрылымдары құрылды», - деді ол.«Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасы Әділбек Сәрсеновтің сөзіне қарағанда, 2008 жылы электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесінде жалпы сомасы 200 миллион теңге болатын 1347 байқау жарияланды. Бұл ретте олармен бюджетте алғашқыда бөлінген сомадан 22 пайыз көлемінде үнемдеуге қол жеткізілді. Ал ағымдағы жылдың басынан бері 1,5 миллиард теңгені құрайтын 500-ге жуық байқау ұйымдастырылды. Баспасөз мәслихатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ендіру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың «қағазсыз» үдерісіне көшу жолымен мемлекеттік сатып алудың жұмыс істеу тиімділігін арттыру мақсатында, Қазақстанда «Электрондық мемлекеттік сатып алулар» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі құрылды. Жүйені ҚР Қаржы министрлігінің тапсырысымен «Зерде» холдингіне кіретін «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС әзірледі. Жүйенің жұмыс істеуі www.goszakup.kz сайтында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, таяу болашақта электрондық қолтаңбаларды «Қазпошта» АО бөлімдерінен де алу мүмкіндігі туады.