Электрондық мемлекеттік сатып алулардың бірегей операторы конкурлық процедураларды қазіргі 60 күндік мерзімнен 14-15-күнге дейін қысқартуды жоспарлауда

АСТАНА. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат - Электрондық мемлекеттік сатып алулардың бірегей операторы «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС конкурлық процедураларды қазіргі 60 күндік мерзімнен 14-15-күнге дейін қысқартуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы агенттік тілшісіне сұхбат берген аталған мекеменің өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Юлия Степанцова мәлім етті.

Ағымдағы жылы сәуірдің 24-інде Үкіметтің электрондық мемлекеттік сатып алулар жүргізу ержесі туралы қаулысы күшіне енген болатын. Электрондық байқауды іске қосу жаңа мүмкіндіктер ашумен қатар мемлекеттік сатып алуларды жүргізудің ең көп тараған тәсілдерін қамтуға мүмкіндік береді. Электрондық мемлекеттік сатып алулар бірінші кезекте өткізілетін шараларға кететін шығындарды төмендетіп, қағаз құжат айналымын қысқартады.

«Толығымен алғанда біз конкурстық процедураларды жүргізу бойынша мерзімді қысқарды деп айта алмаймыз. Дегенмен ілкі жобаны сәтті жүзеге асыру барысында біз Қаржы министрлігімен конкурстық процедуралар мерзімін екі есеге дейін қысқартуға қатысты сәйкесінше түзетулер енгізуді жоспарлап отырмыз», дейді Ю.Степанцова.

Оның нақтылай түсуінше, қазіргі уақытта өтініш беру мерзімі 30 күнтізбелік күнді құрайды. Одан кейінгі мерзім өтінішті қарауға кетіп, жалпы 60 күнтізбелік күнге дейін созылатын атап өткен орталық директоры «Бұдан ары біз өтініштерді беру және қарау мерзімі 14-15 күнтізбелік күн болады деп жоспарлаудамыз», деді.

Конкурстық тәсілмен электрондық мемлекеттік сатып алуларды өткізудің ілкі аймағы ретінде ҚР Қаржы министрлігі таңдалған. Семинар аясында 150 қызметкерді оқыту жоспарланса, қазіргі уақытта оның 51-і білімін толықтырып үлгерген.