Электрондық оқулықтарды QR-код арқылы жүктеуге болады - Асхат Аймағамбетов

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов электронды оқулықтардың енгізілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мектеп оқулықтарыEPUB электрондық форматында қол жетімді болады. Бұл оқушыларға кез-келгенэлектронды құрылғыларда ашуға мүмкіндік береді.

«Біз қазірреспублика бойынша 1-ден 10-қа дейінгі оқушыларға арналған барлық оқулықтардыңэлектронды нұсқаларын енгізудеміз. Олар министрліктің сайтында орналастырылады.Оларды QR-код арқылы жүктеуге болады », - деді министр.

Бұған дейін, ҚР БҒМ1 қыркүйектен бастап EPUB форматындағы 1-10 сыныптарға арналған оқулықтардыңэлектронды нұсқалары министрліктің сайтында орналастырылатыны туралыхабарланған болатын. Бұл оқушыларға электронды құрылғылар арқылы оқулықтардықолдануға және сөмкесінің салмағын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтауминистрлігі белгілеген нормаларға сәйкес, 1-3 сынып оқушыларының мектепсөмкесінің салмағы екі келіден аспауы керек. 4-6 сынып оқушыларыныңрюкзактарының салмағы екі жарым келіден аспауы тиіс. 8-ден 11-ге дейін,белгіленген норма бес келіден сәл аз.