Электрондық поштаны ойлап тапқан Рэй Томлинсон қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ бағдарламалаушы - электрондық поштаны ойлап тапқан Рэй Томлинсон 75 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

1971 жылы оның басына электрондық хабарлама жіберу туралы ой келеді. Сондай-ақ Р.Томлинсон пошта мекен-жайларын белгілі бір жүйелерге тиесілілігін анықтау үшін @ - айқұлақ белгісін қоюды ұсынды.

Ол алғашқы хабарламасын Бостондағы Bolt компаниясының инженері болып жүргенде жіберген. Томлинсон ең алғашқы электронды хатта не жазғанын еске түсіре алмады.