Электрондық сатып алуларда - дамудың жоғары әлеуеті бар - «KEGOC» АҚ басшысы
18:45, 16 Маусым 2010
АСТАНА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат - «KEGOC» АҚ басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мемлекеттік сатып алулардың электрондық жүйесінің әлеуетін өте жоғары бағалап отыр.
Жағымды сәттер ретінде электр желілері ұлттық компаниясының басшысы сатып алулардың ашықтығын және мемлекеттік сатып алуларға бөлінетін бюджеттік қаржылар туралы ақпараттың кәсіпкерлер үшін тең қолжетімділігін жатқызып отыр.
«Бұл ашықтық, негізінен, сатып алулардың бизнес-үдерістерін қалыпты бейнелеуді техникалық ұйымдастырудағы тең дәрежелі қолжетімділік. Осы бағыттан алғанда, электрондық сатып алулардың болашағы жарқын», - деп атап өтті тілшімен әңгімесінде KEGOC басшысы.
А.Сәтқалиевтің айтуынша, модулі «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС тарапынан тәжірибелік қолданысқа енгізілген электрондық конкурстардың жаңа әдісі барлық ұсыныстарды есепке ала отырып іске қосылды.