«Электрондық үкімет» порталында мектепалды даярлық мекемелеріне бөлінетін орындардың жаңа кестесі жарияланды

АСТАНА. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының «Электрондық үкімет» порталының негізгі бетінің «хабарлама» бөлімінде 2010 жылы Астана қаласы бойынша мектепалды даярлық мекемелеріне бөлінетін орындардың жаңа кестесі жарияланды, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның баспасөз қызметі.

Кестеге соңғы өзгерістер Астана қаласының бірқатар мекемелерінің балабақшаларға қайтарылып жатқандығына байланысты енгізілген болатын. Балабақшаларды балалармен толтыру мерзімі 2010 жылдың маусымынан сәуіріне көшірілді. Балалардың туылған күніне қарай балабақшалар топтарын толтырумен айналысатын жұмыс тобы сәуірдің бірінен бастап Конституция көшесі, 44 мекен-жайындағы №26 орта мектеп базасында өз жұмысын бастады.