Елена Исинбаева Сочидегі олимпиада қалашығының мэрі болады

АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Сырықпен секіруден екі дүркін олимпиада чемпионы Елена Исинбаева Сочидегі олимпиада қалашығының мэрі болады.

Бұл туралы Ресей Олимпиада комитетінің жиналысында «Сочи 2014» ұйымдастыру комитетінің басшысы Дмитрий Чернышенко хабарлады.

  «Біз Елена Исинбаеваны жағалаудағы қалашықтың мэрі етіп таңдадық. Сәл кейінірек біз таулы қалашық мэрінің кім болғандығын да жариялаймыз», - деді Чернышенко.

  Естеріңізге сала кетейік, Сочидегі Олимпиада ойындары 2014 жылдың 7-23 ақпан аралығында өтеді.