«Бүгін ел қоржынына екінші жүлдені салғаным үшін қатты қуандым. Дегенмен осы көрсеткішке қол жеткізу оңайға соққан жоқ. Еліміздің намысы үшін бар күшімді салдым. Бірақ қола медальдан аса алмадым. Қандай жарыстар болмасын жеңіс оңайлықпен келмейді. Ең бастысы ел үмітін ақтадым. Қолдаушыларыма рахмет. Азиададан кейін де көптеген жарыстар бар. Әлі Қазақстан абыройы үшін талай рет күш жұмсайтын боламын», - деп атап өтті Елена Коломина.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін қазақстандық спортшылар керлинг, шаңғы жарыстары, трамплиннен секіру, конький спорты, шорт-трек, шайбалы хоккейден өнер көрсетеді.
фото:Ізтұрған Алдауев