Қазақстандық теннисші бастапқы матчын рейтингіде 585-орындағы америкалық, «Үлкен дулыға» турниріне алғаш рет қатысқан 17 жастағы Теа Фродинмен өткізді.
Бұл қос спортшының өзара алғашқы кездесуі еді.
Бірінші партияда есеп 3:2 болған мезетте Рыбакина брейк жасап, сол қарқынын сақтай алды – 6:3.
Екінші сетте Елена 2:0 есебімен алға кетті. Содан кейін тағы бір брейкпен есепті 5:1-ге жеткізді. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:2.
Бір сағат 11 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 6 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Фродин 11 эйс жасағанымен, 2 брейк-пойнтты пайдалана алмады.
Елена Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 105-ракеткасы, испаниялық Джессика Бузас Манейро немесе рейтингіде 75-сатыдағы чехиялық Дарья Видманованың жеңгенімен таласады.
Қазақстандық теннисші ойыннан соң әлемдік рейтингіде көш бастауға қол жеткізсе, бұл үлкен табыс болатынын мәлімдеді.
Е.Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында жартылай финалға дейін жетсе, бірінші ракетка атанады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның WTA Live рейтингінде көш бастағанын жазған едік.