Елена Рыбакина әлем рейтингінде бір позицияға төмен түсіп қалды
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина 4-тен 5-орынға сырғыса, Юлия Путинцева 88-ден 81-ге көтерілді.
Беларусь өкілі Арина Соболенко, Польша спортшысы Ига Швентек, америкалық Кори Гауфф үздік үштікте тұр.
Жұптық сында Анна Данилина 33-тен 32-ге жоғарыласа, Е.Рыбакина 112-ден 115-ке төмендеді. Есесіне Жібек Құламбаева 156-дан 149-ға, ал Ю.Путинцева 697-ден 323-ке бір шықты.
Өткен аптада Ж.Құламбаева Солтүстік Македониядағы ITF турнирінің чемпионы атанса, Ю.Путинцева Осака (Жапония) WTA 250 жарысының финалына дейін жеткен еді.
Жұптық сында чехиялық Катержина Синякова көш бастаса, оны америкалықтар Джессика Пегула мен К.Гауфф өкшелеп келеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Солтүстік Македониядағы турнирдің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ 18 жастағы Аружан Сағындықова Тунистегі турнирде жеңімпаз болды.