Елена Рыбакина әлемдегі ең әдемі теннисшілердің қатарына кірді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина барлық кезең бойынша әлемдегі ең әдемі теннисшілердің қатарына енді.

Фото: Sports.kz

Қазақстандық спортшы аталмыш тізімде 11-орыннан көрінді.

Көшті ресейлік Анна Курникова бастаса, оның отандасы, әлемнің экс 1-ракеткасы Мира Шарапова екінші, сербиялық Ана Иванович үшінші орында.

ТОП-15-ке кірген теннисшілер:

1. Анна Курникова (Ресей),

2. Мария Шарапова (Ресей),

3. Ана Иванович (Сербия),

4. Анна Калинская (Ресей),

5. Габриэла Сабатини (Аргентина),

6. Крис Эверт (АҚШ),

7. Эмма Радукану (Ұлыбритания),

8. Эжени Бушар (Канада),

9. Каролин Возняцки (Дания),

10. Паула Бадоса (Испания),

11. Елена Рыбакина (Қазақстан)

12. Камила Джорджи (Италия),

13. Мария Кириленко (Ресей),

14. Крис Эверт (АҚШ),

15. Даниэла Гантухова (Словакия).

Ролан Гаррос турнирінде сәтсіздікке тап болып, екінші айналымда-ақ жарыс жолынан шығып қалған Е.Рыбакина қазіргі кезде көгалдағы маусымға дайындалып жүр.

Қазақстандық теннисші 6 маусымда басталатын Лондон (Ұлыбритания) WTA 500 додасында бақ сынайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Ролан Гаррос турнирінің жартылай финалына өткенін жазған едік.