Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде көшбасшылық орнын сақтап қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті.

Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жекелей сында 9 696 ұпаймен бұрынғыша көш бастап келеді. 

Беларусь өкілі Арина Соболенко (7 550 ұпай) екінші сатыда.

Бейжің WTA 1000 турнирінің финалына дейін жеткен ресейлік Мирра Андреева 6 371 ұпаймен спорттық жолында алғаш рет үшінші орынға көтерілді. 

Бейжіңде үздік атанған қытайлық Чжэн Циньвэнь бірден 31 сатыны артқа тастап, 23-орынға жайғасты. 

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 82-ден 79-ға ауысты. 

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 6-дан 7-ге төмендесе, Жібек Құламбаева 108-ден 101-ге жоғарылады.
Е.Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде де 7 502 ұпаймен бірінші орында тұр. А.Соболенко (6 550 ұпай) екінші сатыға тұрақтаса, М.Андреева (6 371 ұпай) үздік үштікке кірді.

Ю.Путинцева 59-дан 60-қа ығысты. 

Е.Рыбакинаның жарақатына байланысты 12-18 қазан аралығында өтіп жатқан Ухань (Қытай) WTA 1000 турниріне қатысудан бас тартқаны белгілі. Ал іріктеу сайысын сәтті тәмамдап, негізгі жарысқа жолдама алған Ю.Путинцева алғашқы айналымда әлемнің 58-ракеткасы, түркиялық Зейнеп Сенмезбен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Қытайдағы турнирде негізгі кезеңге өткенін жазған едік. 

Шанхай мастерс турнирінде Александр Бублик қарсыласын камбэкпен жеңді.