АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина хорватиялық бапкер Стефано Вуковпен қарым-қатынасын тоқтатқанын мәлімдеді.
Қазақстандық теннисші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Бес жылға созылған жемісті қарым-қатынастан кейін біз енді бірге жұмыс істемейміз. Мен оның корттағы жұмысына ризамын және болашақта оған барлық жақсылықты тілеймін. Қолдауларыңыз үшін бәріңізге алғыс айтамын», деді Рыбакина.
Е.Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының алғашқы айналымында дүниежүзілік рейтингіде 180-орында тұрған аустралиялық Дестани Айявамен ойнайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын US Open турнирінде қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Тимофей Скатов АҚШ ашық чемпионатына жолдама алды.
Т.Скатов бірінші айналымда әлемнің 7-ракеткасы, Польша өкілі Хуберт Хуркачпен шеберлік байқасады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).