Аустралия ашық біріншілігі қарсаңында 31 қаңтар – 7 қаңтар аралығында осы елде өтетін Брисбен WTA 500 турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Kazinform.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина жаңа маусымдағы алғашқы жарысты екінші айналымнан бастайды.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда корт иесі, дүниежүзілік рейтингте 115-орында тұрған Кимберли Биррелл немесе оның қарсыласымен кездесуі мүмкін.
Аталмыш турнирде қазіргі кезде іріктеу сайыстары өтіп жатыр.
Доданың бірінші ракеткасы болып дүниежүзілік рейтингте екінші тұрған Беларусь өкілі Арина Соболенко тіркелген.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында Бублик пен Недовесовтің жұптық сында кіммен бірге ойнайтыны анықталғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).