Елена Рыбакина Дубай турнирінің үшінші айналымына шықты

Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Дубай.WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады. 

Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Елена Рыбакина екінші айналымда рейтингіде 94-орында тұрған аустралиялық Кимберли Биррелді тас-талқан етті — 6:1, 6:2.

1  сағат 2 минутқа созылған бәсекеде Елена 6 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың төртеуін құр жібермеді. Биррелл 1 эйспен шектелді.

Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 67-ракеткасы, хорватиялық Антония Ружичпен таласады.

Өткен жылы қазақстандық теннисші жартылай финалға дейін жеткен еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Франциядағы турнирде қарсыластарын ойсырата ұтқанын жазған едік