Елена Рыбакина Дубайдағы турнирдің жартылай финалына шықты
22:11, 20 Ақпан 2025
АСТАНА.KAZINFORM - Елена Рыбакина Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Елена Рыбакина ширек финалда америкалық София Кенинмен шеберлік байқасып, 6:2, 7:6 (7:2) есебімен жеңіске жетті.
Енді турнирдің финалына шығу үшін әлемнің 14-ракеткасы, 17 жастағы ресейлік теннисші Мира Андреевамен күш сынасады.
Айта кетейік, Рыбакина турнирдің үшінші айналымында Испания өкілі Паула Бадосадан (10 WTA) басым түскен еді.
Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан WTA 1000 турнирін сәтті бастады.