АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Әбу-Даби турнирінің ширек финалына шыққаннан кейін эйс жасау жөнінен көш бастады.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 74-ракеткасы, Испания өкілі Кристина Бучамен матчта 7 эйс жасады.
Осылайша, Елена Рыбакина жыл басынан бері жарыстарда жасаған эйс санын 70-ке жеткізді.
Қазақстандық спортшы жартылай финалда әлемнің 15-ракеткасы, ресейлік Людмила Самсоновамен ойнайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Әбу-Даби жарысының жартылай финалына өткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).